Ковид немесе Пандемия: Ресейлік танымал әртіс болашақ баласына ерекше есім бермек
Продюсер Бари Алибасов болашақ сәбиіне қандай есім беретініне қатысты пікірін айтты. Бұл туралы әртістің PR-директоры Вадим Горжанкин айтқан, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Баласының жынысы әлі белгісіз екенін айтқан әртіс, сәби қыз болса - Пандемия, ұл болса - Ковид қоятынын айтты.
"Алибасовтың көмекшісі, суретші, биші Виктория Полторацкая жүктіліктің 6-аптасында. Баланың атын Ковид не Пандемия қоюға қатысты ұсынысқа таңғалғаны рас, алайда бас тартпаған. Алайда оған ойлануға уақыт керек екенін айтты", - дейді Горжанкин.
Әртістің пиар директоры бұл есімді таңдау аяқ-асты шешім болмағанын айтады.
"Басқа әртістермен салыстырғанда, продюсер барлық нәрседен үлкен, жаңа мүмкіндіктер көреді, тіпті коронавирус пандемясынан да. Әйткенде, бәріміз танитын, сүйетін Бари Алибасов болар ма еді", - дейді ол.
Осыған дейін, ресейлік продюсер Бари Алибасов пен оның көмекшісі Виктория Полторацкая нәрестелі болатыны айтылған еді. Әртістің жаңа сүйіктісі жүктіліктің 6-аптасында.

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
