Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Костенко шахтасындағы апатқа қатысты шенеуніктер де жауапқа тартылады – Смайылов

Премьер-министр Әлихан Смайылов Костенко шахтасындағы апатқа қатысты шенеуніктердің де жауапқа тартылатынын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: primeminister.kz

Премьер-министр Қазақстандағы кен орындарында соңғы жылдары орын алған апаттарға да тоқталды. 

"Кінәлілерге қатысты тиісті тергеу амалдары жүргізілуде. Кінәлілердің барлығы жауапқа тартылады. Өткен жылдың қараша айында қайғылы оқиға болып, төрт кенші қаза тапты. Барлық тергеу амалдары аяқталды, қазір сотталушылар материалдармен танысуда. Тамыз айында тағы да апат болып, 5 кенші қаза тапты, қазір тергеу жүргізілуде", – деді Смайылов.

Премьер-министрдің айтуынша, Қарағанды облысы, Костенко шахтасында болған апатқа қатысты да барлық жауапты тұлғалардың қатысуымен тергеу жүргізіледі.

"Шенеуніктер де жауапқа тартылады. Біз үкімет ретінде бұл қайғылы оқиғалардағы өз жауапкершілігімізді түсінеміз. Қаза болғандардың отбасыларына көңіл айтып, олардан кешірім сұраймыз", – деді үкімет басшысы. 

Талқылау