Костенко шахтасындағы 46 кеншінің қазасына қатысты тергеу аяқталды
Бас прокурор Берік Асылов 46 кеншінің өліміне әкелген Костенко көмір шахтасындағы апатты тергеу аяқталғанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Ақорда
“Бас прокуратураның арнайы прокурорларының басшылығымен ВЖТТ Костенко шахтасындағы 46 кеншінің қазасына қатысты қылмыстық істі тергеуді аяқтады. 10 айыпталушыға қатысты іс тау-кен жұмыстарының қауіпсіздік ережелерін бұзу (қылмыстық кодекстің 277-бабы 3-бөлігі) бойынша сотқа жолданды”, – деп жазба жариялады Берік Асылов.
Айта кетейік, 28 қазан күні төтенше жағдай аймағындағы өрттен кейін Костенко шахтасында жарылыс болды. Апат кезінде шахтада 252 адам болған, оның 46-сы көз жұмды. Апаттан кейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан үкіметіне "АрселорМиттал Теміртау" АҚ-мен ынтымақтастықты тоқтатуды тапсырған еді. Қарағанды облысында кеншілердің өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалғаны белгілі болды.
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі
Қазақстан әуежайлары қандай заңдарды бұзды және бұл үшін оларды қалай жазалады
Көптеген әуежай авиаотынды монополиялық жоғары бағада сату арқылы миллиондаған табыс тапқан