Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанайлық полицейлер Ақтөбе тұрғынын лаңкестердің қатарына қосып жіберген

Ақтөбеде болған лаңкестік оқиға кезінде ізеуде жүрген күдіктілердің тізімін қостанайлық тәртіп сақшысы әлеуметтік желі арқылы жайып жіберген. Құпия құжатты суретке түсіріп, whatsap месенджерімен жолдапты. Бұл туралы КТК хабарлайды.

Безымянный

Ең қызығы, ол тізімнен радикалдарға қатысы жоқ ағайынды Қожаниязовтар табылады. Қазір олар өздерін содырлар санатына қосып қойған Ақтөбе облыстық ішкі істер департаменті мен тізімді жариялаған жергілікті газеттен 20 миллион теңге талап етіп отыр.

Өйткені, сол қателіктің кесірінен ағалы-інілі екеу жарты жыл бойы жұртқа ақталып әлекпіз дейді. Ал сотта жауап берген қостанайлық ішкі істер департаментінің өкілі тізімді таратқан тәртіп сақшысын жұмыстан қудық деп ақталды. Әйтсе де, олардың бұл жауабынан соң, айыпталушылардың құрамы тағы бір мекемемен толықты. Енді ағайынды екі жігіт Қостанай облыстық ішкі істер департаментінен де он миллион теңге талап етіп отыр.

“Осы күнге дейін қол-аяғым қалтырайды. Маған оңай дейсіз бе? Үш баланың әкесімін. Ол ойыншық емес қой, қоя қоятын. 14 облыстың бәріне кетті. Бүкіл Қазақстан біледі. Шетелге шыға алмай отырмыз, шешемізді апара алмай отырмыз осы отырғанда. Шетелге шықсақ болды, қамап тастайды бізді”, – деді Самат Қожаниязов.

Оқи отырыңыз:

Алматы түрмесінде трансгендерді көру үшін қызметкерлер мен қылмыскерлер кезекке тұрды

Ақтауда жүздеген тұрғын көз жұмған 6 жасар Викториямен қоштасуға келді

Мен өлі адамдай күйде болдым: Жібек Мусинова зорлау ісі жайлы ашық айтты

Елімізде ақылы оқитын студенттер жалдамалы жұмыс істеп күнелтіп жүр (фото)

Талқылау