Париж олимпиадасында жүлдесіз қалған балуан әлем чемпионы атанды
Париж олимпиадасының ширек финалында жарыс жолынан шығып қалған Әлімхан Сыздықов Армениядағы әлем чемпионатында топ жарды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Армения астанасы Ереван күрес түрлерінен әскерилер арасында өтіп жатқан әлем біріншілігінде кезекті қазақ балуаны жарыс жеңімпазы атанды. Париж олимпиадасының қатысушысы Әлімхан Сыздықов грек-рим күресінен аса ауыр салмақта бақ сынап, қарсылас шақ келтірмеді. Отандасымыз финалда ирандық балуанға қарсы белдесіп, 5:1 есебімен жеңіске жетті. Осылайша Сыздықов Қазақстан құрамасының қоржынына екінші алтын жүлдені салды.
Айта кетейік, бұған дейін қазақстандық еркін күрес шебері Мейіржан Әшіровтің әскерилер арасында әлем чемпионы атанғанын және грек-рим күресінен Айдос Сұлтанғалидың қола жүлдегер атанғанын жазған едік.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген

