Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанайлық әжей 109 жасын тойлады

Нағима Жақыпқызы мансап қумаған. Ол ауылда сауыншы болған. 7 баланың анасы. Мейірімді, дана әжей бүгінде 109 жасқа толды.

«Бұл анамның туған жері. Осы жерде туып, осында өсті. Соңғы жылдары ғана қалада тұрып жатыр. Өз жасына қармастан өзін жақсы сезінеді. Көзі жақсы көреді. Өте сауатты. Депутат та болған. Кезінде Мәскеуге шақырған. Сөзге шешен. Нақыл сөздерді айтып отырады. Өлең жазған. Компазитор Қажығали Омаров анамның өлеңіне ән де жазған», – дейді қызы.

Нағима әжей бүгінде шөбере сүйіп отыр, деп жазады Қостанай жаңалытары. 

Көп жасаған әжейдің қызы ұзақ жасаудың сыры мейірімде екенін айтады.

«Анам өте мейірімді. Ешкіммен ұрыспайды. Бәріне көмектеседі. Өмір сүргенді ұнатады. Сондықтан өзіне де  құдай қуат береді. Күнделікті жаңалықтарды сұрап, хабардар болып отырады. Елбасының дана адам екенін айтады. Оған ұзақ ғұмыр тілейді», – дейді қызы Зәуре Мнайдарова.

Тағы да оқыңыз:

Майк Тайсон: Анам маскүнем, әкем сутенер болды

Баян Мақсатқызы тұрмысқа шығатынын мәлімдеді

Ақтауда 50 жыл бұрын жазылған үндеу көмілген орнынан табылмады

Талқылау