Қостанайлық азамат туған ұлын аяусыз ұрып өлтірді
52 жастағы ер адамның ісі облыстық қылмыстық істер бойынша мамандандырылған арнайы сотта қаралады.
Бұл туралы Sputnik хабарлайды.
Істің материалдарына сүйенсек, 1 маусым күні түнде Алчановка ауылында ер адам әйелімен жанжалдасып, оны бірнеше рет ұрған. Әйел адам үйге оралған ұлына шағымданады. Оны естіген жас жігіт ұйықтап жатқан әкесін оқтаумен бастан бір ұрып, үйден қуып шығады.
Ашуға булыққан әке ұлы мен оның бірге тұратын әйелі ұйқыға жатқан уақытта бөлмелеріне кіріп, металл сүйменмен үш рет ұлының басынан ұрады. Жас жігіт есін жимастан оқиға орнында көз жұмған.
Жігітті аяусыз соққыға алып жатқанда, бірге тұратын әйел айғайлап, ер адамға жалбарынады, бірақ қаныпезер әке оны да сүйменмен бірнеше рет ұрған.
Ауыл тұрғынына “Кісі өлтіру” және “Қастандық жасау” баптары бойынша айып тағылды.
Оқи отырыңыз:
Алматыда қоршауды бұзған көлік жүргізушісі құбырға соғысып, көз жұмды
Жұмысына бара жатқан алматылық әйел жоғалып кетті
Астанада 16 жстағы қыз автобустан құлап ауруханаға түсті
Өзін өртеп көз жұмған әйелдің қызы полицей Үмбеталиевтің былықтарын айтып берді (видео)