Қостанайлық "Тобыл" венгриялық "Ференцварошпен" тең түсті
Қостанайлық "Тобыл" Чемпиондар лигасының бірінші іріктеу кезеңінде венгриялық "Ференцварошпен" тең түсті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Командалар арасындағы кездесу Қостанайда өтіп, 0:0 есебімен аяқталды. Бірінші таймда "Тобыл" қарсыластың қақпасына бірде-бір рет соққы жасамаған. Ал "Ференцварош" бірнеше рет соққы жасаған.
Сонымен қатар бірінші таймның соңында қос команда ойыншылары арасында жанжал туындаған. Екінші ойын Будапештте 13 шілдеде өтеді.
Егер "Тобыл" Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңіне өтсе, "Слован" (Словакия) – "Динамо" Батуми (Грузия) жұбының жеңімпазына қарсы ойны өткізеді.
Талқылау

"Шетелде билетсіз, қонақүйсіз далада қалдым": Қазақстандықтар авторлық тур сатып аламыз деп 2 млн теңгеге дейін қаражаттарынан қағылған
Олар 300 мың теңгеден 2 миллион теңгеге дейінгі ақшадан қағылды

"Бөлімше болыңыз, біздің команда": Алматыда косметика дүкенінің қате аудармасы жұрттың ашуын туғызды
Оқырмандардың бірі баспахананың да мұндай немқұрайлығына реніш білдірді