Қостанайлық қыз анасымен ұрысып қалып, өзіне қол жұмсамақ болған
Қостанай полициясы өз-өзіне қол жұмсау әрекетінің алдын алды, деп хабарлады Stan.kz ақпарат агенттігі облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қостанай тұрғындары көмек сұрап полицияға хабарласты. Ол қаладан алыс емес жерде орналасқан Тобыл ауылында қызының өзін гаражға қамап, өз-өзіне қол жұмсамақ болғанын айтып, шара қабылдауды сұрады.
Полиция лейтенанттары Амангелді Сыздықов пен Мүсілім Исабаев бірнеше минуттан кейін көрсетілген мекен-жайға барды.
Әйелдің сөздері расталды. Гараждан қозғалтқыштың дауысы естіліп, гараж терезесінен олар қыздың машинаның ішінде отырғанын көреді.
- Күйеуі коронавирустан қайтыс болған соң әйелі өзіне қол жұмсады
- Өзіне қол жұмсаған: Қарағанды тұрғыны өлер алдындағы хатында полицейдің атын атады
Полиция гараждың терезесін сындырып, қызды сыртқа шығарды.
Кейінірек анасы мен қызы арасында түсініспеушілік болғандығы анықталды. Жанжал нәтижесінде қыз өзіне қол жұмсамақ болды. Полиция екеуімен де профилактикалық әңгіме жүргізді.
Талқылау

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
Пластик орнына бір рет қана қолданылатын қағаз салфетка беру логикаға сыймайды дейді олар

"Ет, құрт, қазы, музыкалық аспап алып кіре алмайды": Қазақстандықтар ұшаққа отырарда нені ескеруі тиіс
Әуежайда затыңызды өткізбей тастамас үшін мынадай ережелерді білген жөн