Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанайлық ер адам WhatsApp-тағы хабарламасы үшін сотқа тартылды

Қостанайлық ер адам WhatsApp желісіндегі топта Қаратомар су қоймасы жарылғанын айтқаны үшін сотқа тартылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Alau сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Polisia.kz

Ол дауыстық хабарламада шлюзде жарықшақ пайда болғанын айтып, яғни "Затоболовка мен Қостанай су астында қалатынын, ал Қорған 12 метр төмен болғандықтан, мүлдем суға кететінін айтқан. Бірақ ақпарат жалған болып шықты. Автор тез арада табылып, сотқа тартылды.

Ер адамға 74 мың теңге айыппұл салынуы мүмкін еді. Тәртіп сақшылары төтенше жағдай кезінде мұндай құқық бұзушылықтар жауаптылықты ауырлататын мән-жай ретінде танылатынын айтты. Алайда ер адам дауыс хабарламасын өзінің жақын туыстары ғана бар топқа жіберген.

“Қостанай аудандық сотында ӘҚБтК-нің 456-2-бабының 3-бөлігімен көзделген құқықбұзушылық туралы іс қаралды. Соттың 19 сәуірдегі қаулысымен Н-ға қатысты әкімшілік құқықбұзушылық құрамының болмауына байланысты іс тоқтатылды. Қаулы заңды күшіне енген жоқ”, – делінген сот хабарламасында.

Талқылау