Соңғы жаңалықтар

Қостанайдағы өртенген сарайдан екі адамның мәйіті табылды

Қостанай облысы төтенше жағдайлар қызметі өртенген сарайдан екі адамның мәйітін тапты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, оқиға бүгін Қостанай-2 шағынауданындағы жеке тұрғын үй секторы аумағында болған.

"13 қараша күні сағат 05:15-те ТЖД кезекші пультіне Мостовая көшесінің бойындағы жеке меншік тұрғын үй аумағынан өрт шыққандығы туралы ақпарат келіп түсті. Онда шаруашылық құрылысына арналған сарай өртенген. Оқиға орнына шұғыл түрде 12 құтқарушы және 2 өрт сөндіру техикасы жіберілді. Өрт аумағы 25 шаршы метрді құрады. Ашық жалын сағат 05:44-те толығымен сөндірілді", - дейді баспасөз қызметі. 

Өртенген сарай орнынан күйік шалған 2 адамның мүрдесі табылды. Қазіргі уақытта олардың жеке бас мәліметтері анықталуда. Үй иесінің айтуынша, өртенген сарай отын сақтау үшін қолданылған.

Өрттің шығу себебі белгісіз. Сот-медициналық сараптамасы тағайындалды.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр