Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанайда жүргізуші қатты дыбыс үшін қомақты айыппұл төлейтін болды

көлік жүргізушісіФото: pixabay.com

Қостанайдағы мамандандырылған әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі соты рұқсатсыз автокөлікке дыбыс шығаратын құрылғы орнатқан азаматқа қатысты шешім шығарды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бұл құқық бұзушылық Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 603-бабының 2-бөлігі бойынша (Арнайы жарық, дыбыс құрылғыларын немесе қызметтік көліктің белгісін рұқсатсыз қою) сараланып, автокөлік иесіне қомақты айыппұл салынды.

"Хаттамаға сәйкес 2025 жылдың 3 тамызында азамат Б.Сьянов Тәуелсіздік көшелерінің қиылысында автокөлік жүргізу барысында уәкілетті органдардың тиісті рұқсатынсыз дауыс күшейткіш құрылғыны (СГУ) пайдаланған. Сот отырысы барысында жүргізуші кінәсін ішінара мойындап, құрылғыны өзі орнатқанын, бірақ сатып алу кезінде оған бұл құрылғы СГУ санатына жатпайтыны айтылғанын мәлімдеді", – делінген хабарламада.

Сот азаматты кінәлі деп танып, құрылғыны тәркілей отырып, оған 25 айлық есептік көрсеткіш (98 300 теңге) мөлшерінде айыппұл салды.

Сот шешімі әлі заңды күшіне енген жоқ және белгіленген мерзімде шағымдануға болады.


Қазақстанда жедел жәрдем мен полицияға жол бермеген жүргізушілер енді көше сыпырады


Көлігін эвакуатормен тасымалдаған қазақстандық жылдамдық үшін айыппұл алған


Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда кей жүргізушілер өздері жасамаған жол ережесін бұзғаны үшін айыппұл алып жатқанын жаздық. Сарапшылар мұны камералардың нөмірді қате тануымен байланыстырады. Бұған ауа райы, жарықтың шағылысуы, линзаның ластануы себеп болуы мүмкін. Кей жүргізушілер айыппұлды тексермей төлеп қояды. ІІМ даулы жағдайларда полиция департаментіне немесе Qamqor сервисі арқылы шағымдануға болатынын ескертеді. Қате айыппұлдар жойылады, бірақ оған уақыт қажет.

Айым Атамбаева
Сәрсенбі, 13 Тамыз, 2025 16:55
Талқылау
`