Қостанайда автобус жолаушысы маска киюді талап еткен жүргізушіні ұрып-соқты
Жолаушыдан бетперде киюін сұраған автобус жүргізушісі соққыға жығылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Қостанай облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бүгін таңертең № 11 автобустың жүргізушісі маска кимеген жолаушыға маска ұсынды. Автобустың жүргізушісі салонда маска кию керектігін ескерткен. Алайда ол үшін өзі соққыға жығылды. Жүргізуші жігіттен автобусты шығып кетуді өтінді, бірақ ол өтінішті елемеді. Жас жігіт жүргізушіні бетінен ұрып, автобустан шығып кетті.
Полицейлер 31 жастағы Қостанай қаласының тұрғынын ұстады. Тергеу ҚР ҚК 293-бабы «бұзақылық» бойынша басталды. Қостанай облысы әкімдігі жанындағы ақпараттық штаб тұрғындарды төтенше жағдайды сақтау талаптарын ұстануға шақырды.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”