Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанайда “жедел жәрдем” жол апатына түсіп, дәрігер қайтыс болды

Қостанайда кроссовер мен “жедел жәрдем” көлігі соқтығысып, салдарынан дәрігер қаза тапты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан басылымы.

машина
“Алау” өңірлік басылымы Алматы Сенбі, 6 мамырда Қостанайда шамамен сағат 11:00-де Kia Sportage көлігінің 36 жастағы жүргізушісі Баймағамбет пен Гагарин көшелерінің қиылысында рөлінде 58 жастағы ер адам отырған “жедел жәрдем” көлігімен соқтығысты.

Жол апатының салдарынан “УАЗ” көлігінде отырған 34 жастағы дәрігер мерт болды. Көлікте болған екінші әйел 35 жастағы аяғы ауыр келіншек Қостанай облыстық перзентханасына жеткізілді.

Жол апаты дерегі бойынша қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, қажетті сот сараптамалары тағайындалды.

Оқи отырыңыз:

Алматыда көлік сауда үйінің алдында ер адамды қағып өлтірді

Оралда қыз бен жігіт ұрлап алған көліктерімен жол апатына түсті

Алматыда 16 жастағы қыз полициядан қашамын деп жол апатына түсті

Атырауда сырахана қонағы күзетшіні атып кеткен

Талқылау