Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанайда жедел жәрдем дәрігерлері 24 күндік сәбиді клиникалық өлімнен аман алып қалды

Қостанайда жедел жәрдем бригадасы клиникалық өлім жағдайындағы нәрестені аман алып қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Денсаулық сақтау министрлігі 

Небәрі 24 күндік нәрестенің кенеттен жағдайының күрт нашарлап бала көгеріп, тыныс алуын тоқтатқан. 103 диспетчері оқиға туралы дереу бригадаға қоңырау шалып, бригада келгенше ата-аналарға телефон арқылы көмек көрсеткен.

Call орталығының аға дәрігері Айшат Абзалбекова желіде қалып, көмек көрсету бойынша ұсынымдар берді. Ал баланың әкесі бригада келгенге дейін баланы ауыр жағдайдан шығару үшін тиісті іс-шараларды жүргізген.



Алайда ауруханаға барар жолда жедел жәрдем көлігінде баланың жүрек және тыныс алу белсенділігі тоқтап, клиникалық өлім жағдайы туындаған. Бригада дәрігері Жүсіпов Сұлтан мен фельдшер Александр Калетин бірден реанимация жасауға кірісіпті.

"24 күндік нәрестеге трахеяны сәтті интубациялау жүргізіп, өкпені жасанды желдету режиміне ауыстырған және PALS халықаралық стандарты бойынша одан әрі реанимация жасалды. Дәрігерлердің нақты және білікті іс-қимылдарының арқасында бала өмірге қайта оралды және ол облыстық балалар ауруханасының дәрігерлеріне аман-есен берілді. Қазір бала аурханада ем қабылдауда", — делінген министрлік хабарламасында. 

Еске салсақ, бұған дейін жаңа жыл түнінде елімізде 180-нен аса сәби дүниеге келгені туралы жазған едік.

Талқылау