Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанайда жасөспірім жұмбақ жағдайда жоғалып кетті

Қостанай полициясы із-түссіз жоғалған жасөспірімді іздестіруде. 2005 жылы туған Сергей Лукьянов 26 наурыз күні үйінен шығып, қайта оралмаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі аймақтық полиция департаментіне сілтеме жасап. 

Қазіргі уақытта баланы іздестіру жұмыстары жүруде. Оған Қостанай қалалық полиция басқармасының жеке құрамы мен ТЖД жұмылдырылды. Еріктілер де баланы табу үшін атсалысуда. 


Шымкент тұрғыны тапа-тал түсте ер адамды өлтіріп кетті


Полиция жас жігіттің заттары мен ұялы телефонын Корей көпірі ауданынан, Тобыл өзенінің жағалауынан тапты. Тәртіп сақшылары аталған факті бойынша қандай да ақпаратқа ие адамдарды 102 нөміріне хабарласуды сұрайды. 

Талқылау