Қостанайда зейнеткерді тонап кеткен студент қыз сотталды
Рудный қалалық соты 19 жастағы студент Елена Царегородцеваға қатысты қылмыстық істі қарады.
Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.
Іс материалдары бойынша, зейнеткер Федоров студент Царегородцеваға үйін ақшаға жинатып жүрген. Сөйлесе келе Царегородцева Федоровтың банкте жинаған қаражысы барын білген. Ол осыны ескеріп бөгде адамның мүлкіне қол сұғып, қылмыстық іске бармақшы болады. Осылайша, 2017 жылдың 2 ақпанында студент Царегородцева Федоровтың үйіне келеді. Зейнеткерді екі қолымен мойын тұсынан қылғындырады. Жәбірленуші есінен танып қалған соң, қылмыскер 160 мың теңге ақша, “Nikon” фотокамерасы, жады картасы мен фотокамераларға арналған сөмкені ұрлайды.
Шығынның жалпы құны – 105 970 теңгеге бағаланып отыр. Мұнымен қатар, ол “Samsung” маркалы ұялы телефон мен пәтер кілтін алып кеткен екен. Царегородцева жәбірленушіге барлығы 293 470 теңге сомасында физикалық және материалдық залал келтіреді. Сот үкімімен қылмыскер ҚР ҚК 191-бабының 2-бөлігі 1-тармағына сәйкес кінәлі деп танылды. Ол осы ісі үшін 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылады.
Жіберіп алмаңыз:
Енді мектепте ақша жинаған мұғалімдер жұмыстан қуылады
Қостанайлық мұғалім “ақылды киіз үй” ойлап тапты
Министр: Интернет қолданушылары өз әрекетіне жауап берулері керек