Қостанайда үш жасар баланың наркоздан кейін қайтыс болуына байланысты қылмыстық іс қозғалды
Қостанайда наркоздан кейін комаға түсіп, қайтыс болған үш жасар баланың өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Бұл жөнінде ішкі істер министрлігінің ресми сайты жазады.

"Наркоздан кейін комаға түскен 3 жасар баланың өліміне қатысты полиция сотқа дейінгі тергеуді бастады. Қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр, сараптамалар жүргізілуде", – дейді полиция.
- "Алып кетіңдер, мені өлтіріп жатыр": Теміртау тұрғыны ағасының өліміне аппендицитін анықтай алмаған дәрігерлерді кәналауда
- "Бұл ойында ақша беріледі": Қазақстанда өз-өзіне қол жұмсаған оқушылар өлімін не байланыстырады
Үш жасар Әмір Қарсақ бір айдан астам уақыт комада жатты. 15 желтоқсанда облыстық балалар ауруханасында тағы төрт баламен бірге наркозбен жоспарлы урологиялық операция жасалған. Бірақ олар наркоздан уақытында оянбайды. Балалардың алдымен дене қызуы көтерілген, кейінірек төрт бала есін жияды. Ал Әмір комаға түсіп, жансақтау бөліміне ауыстырылады. 21 қаңтарда әкесі ұлының жан тапсырғанын хабарлаған.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бір киіз үйді 13,5 миллион теңгеге сатып алған
Алайда дәл осы кезеңде Қазақстанның басқа өңірлерінде киіз үйлер әлдеқайда төмен бағамен сатып алынып жатыр
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі