Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанайда үш жасар бала магнит жұтып қойса да, дәрігерлер ота жасамаған: Іс бір жылдан бері жүрмей жатыр

Видеодан скриншот

Қостанайда магнит жұтып қойған баланың өліміне қатысты істің тоқтап тұрғанына бір жылға жуықтады. Баланың анасының мүддесін қорғаған адвокат полицияның немқұрайлығына шағымданды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның Информбюро жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Өткен жазда рудныйлық үш жасар бала 10 магнит шарды жұтып қойған. Дәрігерлер бөгде денелер табиғи жолмен шыққанша күтеміз деп шешім қабылдады. Нәтижесінде балада перитонит пайда болып, ота үстелінде мерт болды.

Анасы дәрігерлердің үстінен полицияға арыз жазған. Оның айтуынша, егер балаға дер кезінде көмек көрсетілсе, оны аман алып қалуға болатын еді.


Алматыда дәрігерлер 105 магнитті моншақ жұтып алған екі жасар баланы құтқарып қалды


Қазақстанда дәрігерлер магнитті конструктор жұтып қойған екі бірдей баланы құтқарып қалды


Қызылордада 1,5 жасар бүлдіршін батарейка жұтып қойып, көз жұмды: Қыздың ата-анасы өліміне дәрігерлерді кінәлап отыр


Фармацевтикалық бақылау бөлімі де заңбұзушылықтарды анықтап, сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Осы уақыт ішінде бірнеше тергеуші ауысып, бітпейтін сараптамалар жүріп жатыр.

Прокуратура отбасының талаптарымен келіскен.

“Прокуратура шағымды ішінара қанағаттандырып, іс жүзінде сотқа дейінгі тергеп-тексеру созылып жатыр деп есептеп, кінәлі тұлғаларды тәртіптік жауапкершілікке тарту және тергеуді прокурорлық бақылауға алу туралы Қостанай облысының полиция департаментіне ұсыныс жіберді”, – деді заңгер Дамир Хамитов. 

Еске салсақ, Қостанайда үш жасар бала магнит жұтып қойса да, дәрігерлер ота жасамағаны айтылды. 

Қырмызы Скендирова
Бейсенбі, 22 Мамыр, 2025 09:40
Талқылау