Қостанайда туберкулезге қарсы диспансердің бас дәрігері мен есепшісі сотталды
Қостанайда облыстық туберкулезге қарсы диспансердің бас дәрігері мен есепшісі сотталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Қостанай облыстық туберкулезге қарсы диспансері" КММ-нің бас дәрігері Муржакупова Л.К. параның 50 еселенген мөлшерінде айыппұл төлеуге үкім шығарылды, бұл 11 800 000 теңгені құрайды.
"Тас-Фарм" ЖШС өкілі Құрманова С.Е. оған параның 20 еселенген мөлшерінде, яғни 4 720 000 теңгені құрайтын үкім шығарылды.
ҚМУ бас есепшісі Базылбекова А.С. ол параның 10 еселенген мөлшерінде айыппұл төлейтін болды. Ол 2 360 000 теңгені құрайды.
"Муржакупова Базылбекова арқылы дезинфекциялаушы заттар жеткізуге алты рет мемлекеттік сатып алу шартын жасағаны үшін бұрын келісілген 16,5 млн.теңгеден 236 мың теңге көлемінде параның бір бөлігін алды деп күдіктенді", - делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, іс бойынша тергеу шілде айында басталған болатын.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”