Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанайда су тасқыны кезінде көмек көрсеткен еріктілер отбасының үйі өртеніп, баспанасыз қалды

Қостанай облысы Тобыл қаласында тұратын еріктілер баспанан айырылып қалды. Су тасқыны кезінде ерлі-зайыптылар бөгетті нығайтып, қараусыз қалған иттерді құттарған. Апат қаупі сейілген соң олар үйлеріне қайтқан. Алайда сол түні үйде өрт шығып, баспана толығымен жалынға оранған. Жергілікті жердегі қайырымды жандар қаражат жинап, көмек қолын созды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Информбюро” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото видеокадрдан алынған

Тобылдық Мария Адам өртенген үйден тек екі сөмке киім аман қалғанын айтады. Отбасы үйлерінің, керісінше, судың астында емес, өрттеніп кететініне сенбеген. Үйге оралғандарында тоңазытқыш пен үйдің төбесі өртеніп жатқан.

"10 сәуір күні үш итті үйге апарған едім. Сол мезетте иттерді құтқарып қалу үшін бақшаға қарай апарып тастадым. Күйеуіме 4 газ баллонын сыртқа шығар деп қатты айғайладым. Себебі адамдар мен көршілер зардап шеге ме деп қорықтым”, – деді Мария Адам.

Ал журналист Татьяна Файль олардың шаршап тұрғанын және газельмен келгенін айтып берді. Мария күйеуімен бірге бірнеше күн бойы газельде түнегенін және ешқайда баруға жағдайлары болмағанын айтты. Соған қарамастан олар су тасқынынан құтқару жұмыстары жалғастыра берді. 

Әзірге еріктілер көршілерінің үйін түнеуге мәжбүр. Алайда ол түрғын үй жақында сатылады. Отбасылар үкіметтен 50 АЕК (184 600 теңге) көлеміндегі өтемақы алатынын, сондықтан тек қазақстандықтардан көмек күтетінін айтады. Зардап шегушілер жақсылықтың ерте ме, кеш пе қайтатынына сенімді.

Талқылау