Қостанайда прокурор өз-өзіне қол жұмсады
Қостанайда қала прокуратурасының қоғамдық мүдделерді қорғау бөлімінің аға прокуроры асылып өлді. Оқиғаның себептері анықталуда, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Қостанай облысы прокуратурасының баспасөз қызметі қайғылы оқиға 5 мамырда болғанын нақтылады.
“5 мамыр күні таңертең Қостанай облысы аумағындағы орман белдеуінде Қостанай қалалық прокуратурасының қоғамдық мүдделерді қорғау бөлімінің аға прокуроры ағашқа асылып тұрған күйінде табылды. Өз-өзіне қол жұмсау фактісі сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай реестріне тіркелді. Қостанай облысының полиция департаменті тергеу жүргізіп жатыр, – деді Қостанай облысы прокуратурасының баспасөз қызметі
Ведомство оқиғаның себептері анықталып жатқанын түсіндірді.
Прокуратураның мәліметінше, ер адамның прокуратурадағы жұмыс өтілі төрт жыл болған. Қызметкердің артында әйелі мен кішкентай қызы қалды.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”