Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанайда полицейлер көпірден секірген азаматты құтқарып қалды

Қостанайда полицейлер көпірден секірген ер адамды қалай құтқарғандары туралы айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz басылымына сілтеме жасап. 

полицейлер

17 шілдеде 21:00 шамасында "102" пультіне ер адамның жанжалдан кейін көпірден секіргелі жатқаны туралы ақпарат келіп түскен. Оқиға орнына жедел тұрде Арслан Ажабаев пен Дархан Тілеубергенов барған. 

"Көпірге келіп ер адамның бір қолмен асылып тұрғанын көрдік. Жағалауға түскенде айқайлаған дауысты естідік. Сосын көмек сұраған ер адамды көрдік", – дейді Арслан Ажабаев. 

Полицейлер көпірден ер адамды шығарып алу мүмкін болмағандықтан, құтқару шеңберін алып суға секірген.

"Көпірдің ортасына жеткен соң сатымен жоғары көтеріліп, ер адамға көмектеспек болдық. Ол көпірдің сүйенішінен түсіп, сабырға келді. Сосын қолы сынып, басы көгеріп қалғанын көрдік. Бұл жарақаттарды көпірден секіргенде алған", – дейді Дархан Тілеубергенов. 

Полицейлер ер адамды суға түсіріп, құтқару шеңберімен жағаға шығарған. Кейін дәрігерлер алғашқы медициналық көмек көрсеткен. 

 

Назархан Уән
Дүйсенбі, 18 Шілде, 2022 12:22
Талқылау