Қостанайда өз еркімен оқудан шыққан курсант оқу ақысын қайтарудан бас тартып академияны сотқа берді
Қостанайда өз еркімен оқудан шығып кеткен курсант 2 миллион 700 мың теңге оқу ақысын қайтарудан бас тартып, білім беру ұйымымен соттасты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Polisia.kz
Азаматтық талап Қостанай қалалық сотында қаралды. Іс материалдарына сай, басында тараптар арасындағы келісімшартта білім беру ұйымы курсантты оқытуды ұйымдастыру бойынша өзіне міндеттеме қабылдағаны көрсетілген.
Алайда талапкер оқу орнынан өз қалауы бойынша шығарылып, ішкі істер органынан босатылған. Бұрын жасалған келісімшартқа сәйкес, оған мемлекет төлеген оқу шығындары туралы теу туралы хабарлама жіберілген.
Сотта қыз шарт жасасу кезінде білім беру ұйымы сома туралы ақпаратты жасырғанын алға тартты. Алайда, сот келісімшартқа сәйкес, білім алушы ішкі істер органдарының бөлімшесінде кемінде бес жыл қызмет етуге міндетті екенін анықтады. Ал оқудан өз еркімен шықса онда, осы аралықта өзіне төленген қаражатты қайтаруға міндетті.
Сонымен қатар, онда курсанттың міндеттері, оның ішінде оқуға, стипендия төлеуге, тамақтануға, оқу кезеңінде заттай үлеске жұмсалған бюджет қаражатын мемлекетке өтеу және демалыс кезінде оқу орнына бару және қайту шығындары көрсетілген. Бұл шығындар әр ай үшін 367 066 теңгені (орта есеппен) құрайды. Талапкер барлық парақтарға жекелей қол қойған. Келісімшартты бұзғаннан кейін талапкерге оқу ақысын өтеу ретінде жалпы сома 2 728 525 теңге мөлшерінде талап қойылды.
Нәтижесінде сот бұрынғы курсанттың талабын қанағаттандырудан бас тартты. Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.