Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанайда көпірге шығып алған әйел тұрғындарды шошытты

Қостанайда көпірге шығып алған әйел тұрғындар мен қауіпсіздік қызметтеркерлерін шошытты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Қостанайдағы Үлкен көпірде тұрған әйел туралы полицияға қала тұрғындары хабарлаған. Куәгерлер оны өз-өзіне қол жұмсайды деп қауіптенген. Оқиға орнына дереу полицейлер мен жедел жәрдем қызметкерлері барды.

Қостанай облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлауынша, 32 жастағы жергілікті тұрғын 27 мамыр күні кешке Үлкен көпірде шығып алған. 

"Патрульдік полиция экипажы дереу оқиға орнына аттанды. Қостанай қаласының 1990 жылы туған тұрғыны бірнәрсеге қатты алаңдаулы екен. Полиция қызметкерлерімен байланысқа түсуден бас тартты, өзін агрессивті ұстады. Бірақ соған қарамастан, олар әңгімелесіп, оның мұндай әрекетінің себебін анықтай алды", – деді полиция департаментінің баспасөз қызметінде.

Әйел полиция бөлімшесіне жеткізіліп, оны туыстары сол жерден алып кеткен. Полиция оқиғаның бір нұсқасы болған өз-өзіне қол жұмсау әрекеті расталмағанын атап өтті.

Талқылау