Қостанайда көлік қаққан жас қыздың денесі бөлшектеніп кеткен
Жантүршігерлік жол-көлік оқиғасы Меңдіқара ауданына қарасты Боровской елді-мекенінде болған, деп хабарлайды alau.kz.
Оқыстан қаза болған Людмила Быковскаяның ата-анасының айтуынша, көлік қыз жолдан өтіп бара жатқан кезде қағып кеткен.
«Біздің баламызға, тіпті, өмір сүруге мүмкіндік бермеді. Оның әр қабырғасы сынған, жарты беті жоқ, бөлшектеліп кеткен қолдарын жинап, скотчпен жабыстырдық. Әділдік орнатуға көмектесіңіздерші, адамдар. Кінәлі адам жазасыз қалмасын. Ол мас күйде болған әрі үлкен жылдамдықпен келе жатыпты. Қызымыз енді өмір сүре бастаған еді», – дейді қайғыдан қан жұтқан ана Марина Быковская.
Жол апатынан мерт болған Людмила небәрі 21 жаста болған.
Оқи отырыңыз:
Алматыда 77 жастағы қария шұңқырға құлап, мерт болды
Қарағандыда үш баланың анасы түрмедегі көңілдесі үшін өз күйеуін өлтіруге тапсырыс берген
Талқылау