Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанайда Гагарин көшесіне Назарбаев есімін беру ұсынылды

29 шілдеде Қостанайда қай көше Нұрсұлтан Назарбаев есімімен аталатыны туралы қоғамдық тыңдау жүргізіледі. Көшенің атын ауыстыру жайыда қала әкімі Қайрат Ахметовке осыған дейін төрт өтініш келіп түскен деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі Alau.kz  сайтына сілтеме жасап.

костанай

Қостанай автомобиль көлігі колледжінің оқытушылары мен студенттері қаладағы Гагарин көшесін бірінші президенттің есімі Нұрсұлтан Назарбаевқа ауыстыруды ұсынып, ұжымдық хат жазған.

«Келіп түскен әр өтініш заң жүзінде қаралатын болады. 29 шілдеде қоғамдық тыңдау өтеді. Содан кейін шешім қабылдайтын боламыз», – деді Қостанай қаласының әкімі Қайрат Ахметов.

Белсенділер ал Юрий Гагарин есімін Гвардия көшесіне беруді ұсынды. 
 

Талқылау