Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанайда есірткі тасымалдаушы сыбайластарымен байланысу үшін 64 телефон пайдаланған

Қостанай облысында заңсыз айналымнан 3 келіден астамесірткі тәркіледі, деп хабарлады өңірлік ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

20161220130511

«Қостанай облысында есірткі сатумен айналысқан 11 күдікті ұсталды, деп нақтылады ресми хабарламада, – олар бұдан бұрын осындай қылмыстары үшін сотталған. Қостанайда 9 желтоқсанда әлгілерді ұстау операциясы жүргізілді. 59 жастағы әйелге тиесілі жекеменшік үйден полиция қызметкерлері тінту барысында есірткі салынған пакет тапты. Сот-химиялық сараптамаға сәйкес тәркіленген зат салмағы 3 келі 227 грамм георин болып табылады. «Сондай-ақ күдіктінің үйінде есірткі өлшейтін құралдар, тіркелмеген аңшылық қару, сыбайластарымен байланысқа шыққан 64 телефон тәркіленді, – делінген хабарламада.

Жедел тергеу шаралары барысында ІІД ЕКБ қызметкерлері есірткі саудасымен айналысқан сыбайластарына шықты. Сыбайластары облыс аумағына сату мақсатында олардан тұрақты түрде героин алып отырған. Қазір күдіктілер қамауға алынды. ҚР ҚК 297-бабы 3-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Жіберіп алмаңыз:

Шымкенттік әйел ер адамды бауыздап тастады

Алматылық бойжеткен көлігімен полицейді қағып кетті (видео)

 

Талқылау