Қостанайда есін жоғалтқан әйел туыстарын іздеуде
Қостанайда есін жоғалтқан жас келіншек туыстарын іздеп жатыр.
Бұл туралы “Костанайские Новости” хабарлайды.
Қостанай қалалық ауруханасының жүйке аурулар бөлімінің меңгерушісі Игорь Хван ақпан айының соңында науқас әйелді ауруханаға полицейлердің жеткізгенін айтты. Науқас ауруханада бір айдан бері жатыр. Ол өзінің қайда екенін және кім екенін білмейді.
«Жасы 30-35 шамасында. Біз түрлі зерттеулер жүргіздік. Бас сүйек-ми зақымы байқалмайды, жалпы жағдайы қанағаттандырарлық. Алайда, ол датаны да, жасын да, атын да білмейді. Тек өзінің тегін – Миглер деп айтты және оны Марина деп атауды өтінді. Бірақ Миглер шын тегі екенін білмейміз. Оны әлдеқашан ауруханадан шығаруға болар еді, бірақ қайда?», – дейді дәрігер.
Марина өзінің Екатеринбургте немесе Қостанайда тұруы мүмкін екенін болжайды. Қостанай қаласында оның егде жастағы туысы тұруы да мүмкін.
«Мен балаларым бар деп ойлаймын. Бірақ ештеңені есіме түсіре алар емеспін. Өтінемін, көмектесіңіздерші. Мүмкін, мені танитын боларсыздар. Мен есіме түсіре алмаймын, тіпті өмір сүруден шаршадым», – дейді Марина.
Полицейлер барлық деректер базасын тексерді. Алайда қазақстандық базада ондай жан «тіркелмеген». Полицейлер оны суретке түсіріп алды, енді іздеу жарияламақ.
Жіберіп алмаңыз:
Синоптиктер сәуір айының ауа-райы болжамын жасады

Қазақстандықтар шоколадтың күрт қымбаттағанына шағымданды: Неліктен тәттіге енді көбірек төлейміз
