Қостанайда дәрігерге шабуыл жасаған науқас қамауға алынды
Фото: Тobolinfo.kz
17 шілдеде Қостанай облыстық ауруханасында науқастың хирург дәрігерге шабуыл жасап, соққыға жығуына байланысты полиция алдын ала тергеу жұмыстарын бастады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қылмыстық кодекстің 106-бабы 1-бөлігі (Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру бабы) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Қазір дәрігерге шабуыл жасады деген күдікпен облыстың 34 жастағы тұрғыны ұсталды. Қажет тергеу және тексеру шаралары жүргізіліп жатыр. Тергеу нәтижесінде қолданыстағы заңнамаға сәйкес процессуалдық шешім қабылданады.
“Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жарияланбайды”, – делінген облыстық Полиция департаментінің хабарламасында.
Қостанай облыстық ауруханасының баспасөз қызметі, дәрігердің жұбайының рұқсатымен, жансақтау бөлімінде жатқан медициналық қызметкердің кім екенін жария етті.
“Науқастың қолынан зардап шеккен дәрігер — облыстық аурухананың урология бөлімінің жетекші мамандарының бірі, хирург-уролог Антон Кистанов. Антон Николаевич бұл мекемеде 6 жылдан бері жұмыс істейді. Ол – ондаған адамның өмірін құтқарып қалған тәжірибелі дәрігер. Өзі 34 жаста. Қазір ол біреудің емес, өзінің өмірі үшін күресіп жатыр. Үйінде оны жас жұбайы мен жаңа туған сәбиі күтіп отыр”, – делінген хабарламада.
Еске салайық, бұған дейін Қостанайда науқастың шабуылынан кейін дәрігер комаға түскені туралы жазған едік.

"Екінші балаға бұл салт-жоралғы жүрмейді": Қазақстандық ата-ана құдаларынан босанған қызын 40 күнге жіберуге рұқсат сұрап, кәдесый алып келген
