Қостанайда даму ерекшелігі бар жасөспірімді үтікпен күйдірген тәрбиеші сотталды
Фото: depositphotos.com
Қостанайдағы арнайы орталықта ерекше қажеттілігі бар жасөспірім қызды үтікпен күйдірген тәрбиешіге сот үкімі шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қостанайдағы даму ерекшеліктері бар балаларға арналған әлеуметтік орталықтың қызметкері 16 жастағы тәрбиеленушісі Дарьяға үтіп басып алған.
Тәрбиешінің ісі кәмелетке толмағандар істері бойынша облыстық сотта қаралды. Айыпталушыға кәмелетке толмаған тәрбиеленушіні тәрбиелеу міндетін орындамау және қорғансыз күйдегі жасөспірімге қасақана жеңіл дене жарақатын келтіру бойынша айып тағылды.
Сараптамаға сәйкес, қыздың денесіндегі үтіктен қалған күйік – жеңіл дене жарақаты болып есептелді. Дегенмен, мемлекеттік айыптаушы соттан айыпталушыға бір жылға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындауды сұрады. Бұл талапқа зардап шегушінің өкілі де қосылды.
Қостанай облыстық сотының хабарлауынша, айыпталушы сотта кінәсін толық мойындағандықтан іс қысқартылған тәртіппен қаралған.
Өскеменде әткеншектен құлап қайтыс болған 8 жастағы баланың тәрбиешілері рақымшылыққа ілінді
Балаларды ұрып, шаштарынан тартқан: Павлодарда тәрбиеші жанжалдан кейін жұмыстан қуылды
"Сотқа жеңілдетуші жағдайлар ретінде айыпталушының шын жүректен өкінгені және қарауында кәмелетке толмаған баласының болуы есепке алынды. Барлық мән-жайларды ескере отырып, сот айыпталушыға 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады, сондай-ақ педагогикалық қызметпен және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты қызметтерді атқаруға үш жылға тыйым салынды", – делінген сот хабарламасында.
Жазаны өтеу мерзімінде пробациялық бақылау енгізілді. Сонымен қатар, сотталушы жазаның толық мерзімі бойы мәжбүрлі еңбекке тартылады.
Еске салсақ, 2025 жылдың сәуірінде Қостанайда даму ерекшелігі бар балаларға арналған орталықта тәрбиеленуші қызға үтік басты деген айып тағылғаны туралы жазған едік.

"Киіктерді өз өмірінің құнымен қорғаған батыр": Қорықшы Ерлан Нұрғалиевтің қаруланған броконьерлерді қуамын деп қалай қаза тапты
