Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанайда азаматтарды 123 миллион теңгеге алдаған кәсіпкер түрме жазасынан құтылып кетті

Жамбыл облысында жиен қарындасын 13 жыл бойы зорлап келген ер адам 22 жылға сотталдыФото: iStock

Қостанайда жиырмадан асатам адамды сан соқтырып, 123 миллион теңге шығын келтірген кәсіпкер 6 жылдық түрме жазасынан құтылып кетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Деректерге сай, "Bolashak Construction Company KZ" ЖШС директоры Уәлихан Нысанов 2022–2024 жылдары өзіне тиесілі екі компания атынан жұмыс істеген.

Осы уақытта ол "Семья" тұрғын үй кешеніндегі пәтерлерге үлестік қатысу бойынша заңсыз алдын ала сатып алу-сату шарттарын жасаған.

Осылайша аса ірі көлемде заңсыз табыс тауып, 28 жәбірленушіге 123 миллион теңгеден астам материалдық шығын келтірген.

Сотта кәсіпкер аса ірі мөлшердегі алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылған. Алайда Нысанов кінәсін мойындап, сот барысында келтірілген шығынды толық өтеген. Сондықтан ол бас бостандығынан айыру жазасынан құтылып кетті.

Жәбірленушілер талап-арыздарынан бас тартып, қатаң жаза қолдануды талап етпеді. Дегенмен қылмыскерге 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру және мүлкін тәркілеу қаупі төнген болатын.



Сот жеңілдететін мән-жайлар ретінде кінәні мойындауын, шын жүректен өкінуін, келтірілген шығынды өз еркімен өтеуін және оның кәмелетке толмаған балаларының болуын ескерді.

"Сотталушының жеке басын, жасаған әрекеттерінің сипаты мен қоғамдық қауіптілік дәрежесін, жеңілдететін мән-жайлардың барын және ауырлататын мән-жайлардың жоқтығын ескере отырып, сот оған 6 жыл 8 ай мерзімге жаза тағайындады. Сондай-ақ 5 жыл мерзімге құрылыс саласында қызмет ететін коммерциялық ұйымдарда басшылық қызмет атқару құқығынан айырды. Алайда “Қазақстан Республикасы Конституциясының отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы” заңға сәйкес негізгі жаза мерзімі шартты түрде 5 жыл 4 айға дейін қысқартылды”, – деп хабарлады Қостанай облыстық соты.

STAN.KZ
Сенбі, 04 Сәуір, 2026 08:02