Қостанайда астық қоймасы найзағай түскен соң құлап қалған
Қостанайдағы "Компания САЛАМАТ" ЖШС диірмен кешенінің аумағында найзағай түскен соң астық қоймасы құлап қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті оқиғаның 2023 жылы 1 тамызда сағат 21.50 шамасында болғанын мәлімдеді.
“Алдын ала ақпараттарға сәйкес құрылыстарға найзағай тиген. Бұл жағдай авария ретінде тіркелді. Зардап шеккендер жоқ”, – делінген хабарламада.
Оқиға орнында Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Қостанай облысы бойынша департаментінің қызметкерлері жұмыс істейді.
“Барлық қатысы бар адамдар анықталғаннан кейін Департаментпен аварияны тергеу жөніндегі комиссия құрылатын болады. Тергеу нәтижелері қосымша хабарланады”, – деп қосты ведомство өкілдері.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”