Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алаяқ қазақстандықтардың логині мен құпиясөздерін Telegram арқылы 5 мың теңгеге сатқан

Қостанайлық ер адам банк деректері, логин пен құпиясөздерді сатып, вирустар таратқан. Осылайша күдікті 1,5 миллион теңге табыс тапқан. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Pexels.com

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, Қостанайда 24 жастағы тұрғын DarkNet пен Telegram арқылы интернет алаяқтық жасаған. Ол зиян бағдарлама арқылы азаматтардың жеке деректерін – логиндерді, парольдерді, интернет қолданушылардың IP мекенжайларын шығарып, DarkNet және Telegram арқылы криптовалютаға сатқан. Олардың құны бір файлдың көлеміне қарай 5 000 теңгеден басталған. Осылайша қаскөйдің 1,5 миллион теңгеден астам табыс тапқаны анықталды. 



Ер адам “кардингпен”, яғни банк карталарының деректемелерін ұрлап және оларды қайта сатумен, сондай-ақ ақшаға компьютерлік вирустарды таратуды үйретумен айналысқан. Қазір фигурант ұсталып, сотталды.

Шымкенттік алаяқ Instagram парақшаның дубликатын жасап, балалардың еміне ақша жинау арқылы адамдарды алдаған. Осылайша ол 32 миллион теңге жинаған. Алаяқ ұсталды. Қазір қамауда.

Талқылау