Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанайда ақша төлемеген қызды жасыл дәрімен жуындырған таксист пен жолаушы қыз татуласты

Қостанайлық таксистің жолақысын төлемеген қызды жасыл дәрімен жуынуға мәжбүрлегені бірер ай бұрын әлеуметтік желілерде қызу талқыланып, жаппай наразылық тудырған еді. Кейін құқық қорғаушылар әуелі қызды, сосын такси жүргізушісін тапқан.

rt-1

Бұл туралы “Костанайские новости” хабарлайды.

Бұзақылық туралы қылмыстық іс қозғалғанына қарамастан, таксист Мұрат Бижанов өзінде ешқандай кінә жоқ екенін айтыпты.

Бастапқыда сот отырыстарына келмей қойған Екатерина Галямова өзін журналистердің түсірмеуін талап еткен. Кейін сот оның өтінішін қанағаттандырғаннан кейін ғана қара көзілдірік тағып, сотқа келеді. Содан кейін айыпталушы Мұрат Бижановпен келісімге келесің бе деген сауалға бірден “жоқ!” деп жауап береді.

Алайда судья таксист адвокатының куәгер шақыру туралы өтінішін қарап жатқан кезде, қыздың өзі татуласу мәселесін көтереді. Бұл ретте оған артында отырған ер және әйел адам келген. Судья зардап шегушінің бұлай етуге құқығы бар деп мәлімдеді. Өзін ақтау үкімін күтіп тұрған Мұрат Бижановта адвокатының кеңесімен ортақ келісімге келуге келіседі. Кейін Екатерина прокурордың қатысуымен болған кеңесте бұл оқиғаға өзінің кінәлі екенін айтыпты. Ал Мұрат Бижанов қыздан кешірім сұраған. Екеуі де татуласу туралы арыз жазып, сот сол бойынша үкім шығарады.

Бұған дейін аталмыш оқиғаның видеосы желіде жарияланып, ол үлкен қоғамдық шу тудырған еді. Такси жүргізушінің сөзінше, қыз жол ақысын төлемей алдап кетпекші болған. Кейіннен қатыгез такси жүргізушісінің ұсталғанын хабарлаған едік.

Оқи отырыңыз:

Ақтауда қалыңдық көйлегін киген 37 ару шеруге шықты

Қызылорда тұрғыны өзін “Қайсар” футбол клубының капитаны соққыға жықты деп жәбірленді

Қазақстандық жезөкшелер ЭКСПО кезінде қызмет көрсетіп ақша таппақ

Астанада 2500 адам тіркелген пәтер табылды

Талқылау