Қостанайда 6 жасар бала құдыққа түсіп кетті
Қостанайда 6 жастағы бала ашық тұрған құдыққа түсіп кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Alau.kz порталына сілтеме жасап.
Оқиға 26 желтоқсан күні орын алған.
"Әйелімді сұлулық салонына әкеп тастап, өзім балаларыммен бірге біраз серуендей тұрайын деп шештім. Мен алдыда кетіп бара жатқанмын, балалар артта жүгіріп жүрген. Бір кезде кіші баламның дауысын естідім."Әке, Мансұр құдыққа түсіп кетті"деді балам. Артыма қарасам, үлкен ұлым жоқ", - дейді Берік Игіліков.
Сөзінше, ашық тұрған құдықтың бетін қар жауып қалған, сондықтан ол көрінбей тұрыпты.
"Абырой болғанда, жанымыздан ұзын бойлы жігіт өтіп бара жатқан еді. Ол құдықтық ішіне секіріп түсіп, баламды алып шықты. Ол арқасымен бетонға құлапты. Ауруханаға дереу жеттік, сол жаққа бір күнге тастап та кеттік. Ұлым ауыр жарақат алмады, құлағанда тілін тістеп, шынтағын ауыртып алыпты",- деп қосты баланың әкесі.
Талқылау

"Шетелде билетсіз, қонақүйсіз далада қалдым": Қазақстандықтар авторлық тур сатып аламыз деп 2 млн теңгеге дейін қаражаттарынан қағылған
Олар 300 мың теңгеден 2 миллион теңгеге дейінгі ақшадан қағылды

"Бөлімше болыңыз, біздің команда": Алматыда косметика дүкенінің қате аудармасы жұрттың ашуын туғызды
Оқырмандардың бірі баспахананың да мұндай немқұрайлығына реніш білдірді