Қостанайда 58 жастағы әйелді ат сүйреп өлтірді
Қостанай облысында 58 жастағы әйелді ат сүйреп өлтірді.
Қостанай облыстық ІІД-нің мәліметінше, оқиға Қарабалық ауданының Котлованное ауылында болған. 24 қазан күні Қарабалық ауданының ішкі істер басқармасына Котлованное ауылының тұрғыны 58 жастағы қызының жылқы іздеуге кетіп, қайта оралмағаны туралы арыз жазған, деп хабарлайды bnews.kz.
«Осы факті бойынша тәртіп сақшылары із-түзсіз жоғалған әйелді іздеуге кірісіп, Котлован ауылынан бір шақырым жерден көптеген дене жарақаты бар әйелдің денесін тауып алды. Қайтыс болған әйелдің белінде капрон жіптен жасалған арқан байлаулы тұрған. Анасының айтуынша, әйел арқанның бір ұшын өзінің беліне байлап, атты осылай жетектеп қайтпақшы болған», – деп хабарлады ІІД баспасөз қызметі.
Ainanews.kz газетінің мәліметінше, біраз уақыт бұрын әйел бұғанасын сындырып алғандықтан, арқанды қолымен ұстай алмаған. Жорамал бойынша, ат бір нәрседен үркіп, әйелді ала қашқан. Біраз сүйреткеннен кейін арқан қажалып, үзіліп қалған тәрізді. Мойнын арқан қиған ат ауылға өзі келген. Медициналық сараптаманың нәтижесі бойынша, әйел қатты жарақаттанып, миына қан құйылып өлген.
Тағы да оқыңыз:
Қатерлі дерттен көз жұмған астаналық келіншектің өмір үшін күресі ел есінде мәңгі қалды
Алматыда көлік ішіндегілер жаяу жүргіншіні атып кетті (видео)
Қымбат көлігі бар коттеджде тұратын отбасы табысын жасырып әлеуметтік көмек алып келген