Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанайда 50 жастағы әйелді өлтірмек болған күдікті іздестіріліп жатыр

Бүгін түскі уақытта 50 жастағы әйелге пышақ жарақаты салынды. Полиция әйелді өлтірмек болған күдіктіні іздеп жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Қазақпарат-қа сілтеме жасап.

нож человек

Оқиға бүгін сағат 13:00-де "Достық" қонақүйінің аумағында болды. Жұмыстан үйіне қайтып келе жатқан әйелге белгісіз адам пышақпен тап берген.

"Мойын жағына енбейтін жарақат салынған әйел ауруханаға жеткізілді. Куәгерлер оқиға орнынан жасырынған күдіктінің белгілерін айтып берді, – деді полиция. – Ол – шамамен 40 жастағы еуропоидтық белгілері басым ер адам, қызыл спорт киімін киген, басында қара кепке болған, көзілдірік таққан. Күдіктінің бойы – шамамен 180 см. Полиция оның қайда жүргені туралы қандай да бір ақпарат белгілі болса, 102 нөміріне хабарлауды өтінеді".


Қостанай облысындағы демалыс орнында аю кішкентай қызды тістеп алды


Аталмыш факті бойынша "Өлтіруге оқталу" бабы қарастыратын соталды тергеу шаралары басталды.

Күдіктіні іздеуге полицияның бүкіл жасақтары жұмылдырылды.

Ақберен Амангелді
Дүйсенбі, 06 Қыркүйек, 2021 16:51
Талқылау