Басты жаңалықтар
Қостанайда 4 адамның өмірін жалмаған жарылысқа байланысты қару-жарақ дүкенінің иесі 5 жылға сотталды
Қостанайда "Оружейная палата" қару-жарақ дүкенінің иесі Сергей Бескровный 5 жылға сотталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Алау” басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Қару-жарақ дүкенінде болған жарылыстан 11 адам жарақат алып, 4 адам көз жұмды.
"Қылмыстық іске қатысты айыпталушы Сергей Бескровный "Сатурн 2012" ЖШС мен "Оружейная палата" дүкенінің иесі болған. Оған "Өрт қауiпсiздiгi талаптарын бұзу абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан іс-әрекет" бабымен айып тағылған. Өрт салдарынан Кравченко, Ефимов, Неводничий мен Мырзабеков көз жұмды, сонымен қатар 6 адам жарақат алып, 491 031 129 теңге көлемінде азаматтардың мүлкіне зақым келген. Сергей Бескровный 5 жылға сотталды, жазаны қауіпсіздігі төмен мекемеде өтейді", – делінген хабарламада.
Еске салайық, "Оружейная палата" дүкеніндегі өрт 2022 жылдың 3 қыркүйегінде болған.
Талқылау

“Партизан болған, 400-ден астам жаралы сарбазды құтқарған”: Екінші дүниежүзілік соғыста ерлік көрсеткен қазақ қыздары кімдер
Әлия мен Мәншүк "Кеңес Одағының батыры", Хиуаз Доспанова "Халық қаһарманы атанды. Бірақ есімі еленбеген, ерлік танытқан қыздарымыз көп

"Жеті жыл күттім": Алматылық жас жігіт 53 жастағы әйелдің жүрегін алғаннан кейін өмірі қалай өзгергенін айтты
Рецепиент Данияр 10 жасына келгенде ауруы асқынып, оттегі баллонын қолдануға мәжбүр болған