Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанайда 33 жастағы қоғам қайракері жоғалып кетті

Қостанайда 1 мамырдан бері байланысқа шықпаған 33 жастағы қоғам қайраткері Арман Жолданов іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды Қазақпаратқа сілтеме жасап Stan.kz ақпарат агенттігі.

Арман Жолданов

Сурет: Наша Газета

Жоғалып кеткен ер адамның әпкесі Айман Жолданова хабарлағандай, ол 1 мамырда үйінен шығып кетіп, сол күйі оралмаған.

Ерекше белгілері: бойы 158 сантиметр, ернінің үстінде меңі ьар, шашы қара түсті. Үнемі көзілдірік тағып жүреді.

«Ол әлеуметтік желіде соңғы рет 3 мамырда болған. Үйде ешқандай ұрыс-керіс, тұрмыстық қиындықтар болған емес. Біз құқық қорғау органдарына оның жоғалып кеткенін хабарладық. Бүгін таңертеңнен бастап өзіміз іздестіруге кірісіп кеттік. Кешкі сағат 18:00-де еріктілер жиналып, іздестіруге көмектеседі», – дейді жоғалып кеткен ер адамның әпкесі.

Айта кетсек, Арман Жолданов қалада «Бірлескен ұйымдар қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы ретінде белгілі.

Оқи отырыңыз:

ШҚО-да әкімнің орынбасары қағып өлтірген баланың әкесінен Өскемен әкімі кешірім сұрады

Алматы полициясы жоғалып кеткен 17 жастағы қызды іздестіріп жатыр

Байзақова өзі сияқты «ақымақтарды қамшымен ұру керек» деп үндеу тастағандарға жауап берді

Қостанайлық әйел танысының басынан 6 рет балтамен ұрып өлтірді

Талқылау