Қостанай тұрғыны полицейге жұмыста ұйықтағаны үшін "сөгіс" жасады: Оқиға немен аяқталды
Қостанай тұрғыны патрульдік көлікте жарқылдауық маяктарды қосып қойып ұйықтап жатқан полицейді видеоға түсіріп алған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Қостанайлық Сергей Зинченко желіде видео жариялады, онда қала орталығында жол бойында полицей ұйықтап жатқан патрульдік көліктің тұрғанын көруге болады. Билік өкілі оны түсіріп жатқанын байқап, телефоннан бір нәрсе көре бастады. Содан кейін ер адам полицейден өзін таныстыруды және куәлігін көрсетуді талап етті. Видео авторы жауап алмаған соң, дөрекі сөздер айтып, полицияны қорлай бастады. Әрі қарай, бейне үзіліп, кейін көліктің ішінде жалғасқан.
"Бұл жақсы ма, сенің ойыңша, көзіме қара, досым. Сіздер 45-те зейнетке шығасыңдар, жеңілдіктер, жалақы әр алты ай сайын көтеріледі, мұның бәрі сендердің ұйықтауларың үшін бе?", - дейді видео авторы.
Полиция департаменті бұл факті бойынша қызметтік тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады.
"Полиция департаменті бейнені зерттегеннен кейін полиция қызметкеріне қатысты қызметтік тергеуді бастау туралы шешім қабылдады. 33 жастағы қостанайлыққа қатысты да билік өкілін қорлағаны үшін сотқа дейінгі тергеу басталды", - деп хабарлайды Қостанай облысының полиция департаментінде.
Сергей Зинченко жанжалды видео жарияланғаннан кейін кешірім сұрады.
"Ол мені қуып жетіп, сөйлесуге шешім қабылдадық, көлікке отырдық, мас болғандықтан, көп нәрсені айттым, жол полициясы қызметкерлеріне және бүкіл жүйеге балағат сөздер айттым, мен бұған өкінемін", - деп роликтің авторы қостанайлықтарға жүгінді.
"Информбюро" бағдарламасының мәліметінше, видео авторы 40 күнге дейн бас бостандығынан айрылуы немесе қоғамдық жұмысқа тартылуы, сондай-ақ 450 мың теңге көлемінде айыппұл төлеуі мүмкін.
Ал полиция департаментінің мәліметінше, полиция қызметкері қызметінен босатылған.
"Қызметтік тексерістің нәтижесі және тәртіптік комиссияның шешімі бойынша Қостанай облысының полиция департаменті полиция қызметкерін ІІМ органындағы қызметінен босатылды. Ал 33 жастағы қостанайлыққа қатысты тергеу жалғасуда", - деді Қостанай облысының полиция департаментінің баспасөз-хатшысы Ирина Беженарь.
Айта кетерлік жайт, полицей ұйықтағаны үшін жұмыстан босатылмаған.
"Оның қызметтік көлікте ұйықтауы жұмыстан шығаруға себеп болған жоқ. Ол көліктен шығып, өзін таныстырып, кезекшіліктен шыққанын түсіндіруі керек еді. Полиция қызметкерлері төтенше қызмет атқаруға және осындай төтенше жағдайларға дайын болуы тиіс", - деп түсіндірді полиция департаменті бастығының кеңесшісі Елена Кашарина.
Белгілі болғандай, полицей органдарда бір жылдан астам уақыт жұмыс істеген.

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
