Қостанай стансасының бастығы өлім алдындағы хатында не жазды
20-нан 21 ақпанға қараған түні Қостанай стансасы бастығы Бауыржан Танкеев өзінің үйінде асылып қалған күйінде табылған еді. Оның жантәсілім етер алдындағы хатының мазмұны белгілі болды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат».
Ол Қостанай облыстық мемлекеттік кірістер департаменті Экономикалық тергеу қызметінің офицері Сұңқар Қозбақов пен Қостанай облыстық адвокаттар алқасының адвокаты Ерлан Мұхамеджановтың қатысы бар атышулы сыбайлас жемқорлық туралы істің қатысушысы атанған. Танкеевтің мәлімдемесі арқылы Қозбақов пара алу бойынша, ал Мұхамеджанов сыбайлас жемқорлық қылмысына делдал болғаны және алаяқтық жасағаны үшін тұтқындалды. Бүгінде олардың екеуі де тергеу оқшаулағышында қамауда отыр. Алайда, Танкеев өлім алдында жазған хатында сыбайлас жемқорлықпен күрес қызметінің қызметкерлерін қысым жасағаны үшін айыптаған.
Бұл құжаттың мазмұны мынадай: «Тергеу жүргізген қызметкерлер тарапынан қысым көрсету арқылы түсінік бергенім үшін өміріммен қоштастым. Сондықтан, өз сөздерім мен түсінігімнен бас тартамын. Қорыққанымнан барлығына келістім, мұнымен өмір сүре алмаймын. Ренжіткен болсам, кешірім сұраймын». Өлім фактісі бойынша өзін-өзі қол салуға жеткізу бабы бойынша сот алдындағы тергеу шаралары жүріп жатыр. Бұл істе басты күдікті сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлері болуы мүмкін. Қостанай облыстық ІІД баспасөз хатшысы Елена Кашаринаның айтуынша, (өзін-өзі өлтіруге жеткізу бабы) қылмыстық іс қозғалды.
Жіберіп алмаңыз:
Қостанайда йогурттан уланған 2 жасар қыз көз жұмды
ОҚО-да жас жұбайлар алғашқы түндерін далада өткізді
Дәмханаға барамын деп полицейден таяқ жеген тұрғын әділдік іздейді