Қостанай облысында 35 мемлекеттік қызметкер сауық кешіндегі видеолары үшін жауапқа тартылды
Қостанай облысының 35 мемлекеттік қызметкері әлеуметтік желідегі сауық кешінде түскен суреттері мен видеолары үшін жазаланды.
Бұл туралы “Астана” телеарнасы хабарлады.
Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы департамент әлеуметтік желіні тексерген. Онда 57 шенеуніктің ойын-сауық кештерінде түскен суреттері мен видеолары жарияланған. Олардың ішінде шенеуніктердің ішімдік ішіп отырған суреттері де табылды.
“Табылған деректер бойынша, біз олармен профилактикалық сұхбат жүргіздік. Қызметтік этика ережелерімен танысқаннан кейін, олар жауапкершілікті сезінді. Қазіргі таңда 35 мемлекеттік қызметкер жауапқа тартылды”, – дейді департамент басшысы Мэлс Абдрахманов.
Соымен қоса, 11 мемлекеттік қызметкер жұмыс уақытынан тыс кезде қызметтік көлікті пайдаланғаны үшін айыппұл төледі. Солардың бірі әйелі мен балаларын балабақшаға апару үшін күніне 30 км қашықтық жүретін Қостанай облысы ауылдық округының әкімі.
Биыл мемлекеттік меншік және жекешелендіру департаментіне қалам, үстел сағаттары және кәмпит сияқты 31 сыйлық тапсырылған.
Тағы оқыңыз:
Назарбаев даңғылының ескі атауы жазылған тақтайшалар қоқыста жатыр
Айнұр Тұрсынбаева: Адам есейген сайын ақылым көбейіп келе жатыр деп ойлайды
Асанәлі Әшімов: Ұлымды фильм рөліне дайындау үшін қара су мен нан беріп әбден жүдеттім