Қостанай облысында ер адам кафедегі жанжалдан соң қызды 3 рет көлігімен басып өткен
Үстінен үш рет жүк Газель көлігі басып өткен қыздың анасы қиын жағдай үстінде.
Ресейлік Антония Зинокова туыстарына қонаққа келемін деп қайғылы жағдайға душар боларын білген жоқ, деп хабарлайды 31 арна.
Оның қызы Илона Горилова бірнеше жарақат алып комада жатты. Үстінен жүк көлігі үш рет басып өткен қыз ғажайыптың күшімен аман қалды.
«Салмағы 2 тонна болатын көлік қызымды үш рет басып өтті. Жүргізуші қызымды көріп әдейі істеді. Ол бір рет басқан соң кері шегінді де, тағы да басып өтті. Сосын жас жігіт көлікке кірді де жүргізушіні сыртқа алып шықты. Олай жасамағанда жүргізуші қызымды өлтіретін еді», – дейді анасы.
Оқиғаға кафеде болған жанжал себеп болды. Кафеге келген әйел күйеуін Илонадан қызғанып жанжал шығарған. Кейіннен күйеуі қыздан өш алу үшін оны көлігімен қаққан.
«33 жастағы ер адам әдейілеп көлігімен 1992 жылғы қызды қаққан. Қазір сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр», – дейді облыстық ІІД-ның баспасөз хатшысы Ирина Беженарь.
Ал жарақат алған қыз жансақтау бөлімінен кеше ғана палатаға ауыстырылды.
«Қыздың қабырғасы мен жамбасы сынған. Бас-ми жарақаты бар. Ішкі ағзалары зардап шеккен», – дейді қалалық емхананың бөлім меңгерушісі Марал Әбілқасымов.
Илона Гориловаға бірнеше ота жасау керек. Анасы қылмыскер жауасыз қала ма деп қорқады. Сондықтан прокуратураға хабарласып қойды.
Тағы да оқыңыз:
Ғалымдар семіз әйелдердің ауру баланы өмірге әкелетінін анықтады
Астаналық таксист шетелдік жолаушылармен 36 тілде сөйлесе алады
Бала-шағасы бас тартқан 70 жастағы Жұмабек ақсақал қарттар үйіне орналасуды армандайды
Бала мінген ат мейрамханада үркіп қашып тойдың астаң-кестеңін шығарды (видео)