Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанай облысында бір топ ер адам зорлап тастаған қыз жүкті болып қалды

Қостанай облысы бойынша ІІД Арқалық маңындағы Екідін ауылындағы бір топ ер адамнан зорлық көрген 22 жастағы қыздың атышулы ісіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпаратқа сілтеме жасап Stan.kz.

Қостанай облысында бір топ ер адам зорлап тастаған қыз жүкті болып қалды

Ведомство мәліметінше, қазіргі уақытта 22 жастағы қыздың зорлануы фактісі бойынша ҚР ҚК 120-бабына (Зорлау) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

«Қазіргі уақытта қылмыстық іс Қостанай облысы бойынша ІІД тергеу басқармасының өндірісіне қабылданды. Шұғыл-тергеу тобы құрылды. Тергеу амалдарының кешені жүргізіліп жатыр. Тергеу жан-жақты, нақты әрі толықты жүргізілуі үшін бәрі жасалып жатыр», – дейді полициядағылар.

Бұған дейін БАҚ-та белгілі қорғаушы Айман Омарованың пікірі пайда болып, ол өзіне әділет іздеп келген қыздың оқиғасын айтып берді.

Жәбірленген қыз қорғаушы Айман Омарова өзін 14 жігіттің зорлағанын айтқан. Мұнан кейін жүкті болып қалған қыз болған оқиға жайлы өзгелерге тіс жаруға қорыққан көрінеді.

Сұмдық оқиға 2017 жылдың шілде айында болған. Бойжеткен  сыныптасының тойына барған кезде, қонақтардың бірінің әйелі өзімен бірге дәретханаға барып келуін сұраған. Осы кезде қызды көлікке салып әкетіп, зорлап, артынша дәмхана маңына тастап кеткен.

Алайда бұл жағдай тағы екі рет қайталаныпты. 2017 жылдың жаз мезгілінде бойжеткенді сол жігіттер жалпы саны 3 рет зорлап кеткен.

Ал 22 жастағы қыз Арқалық қаласы бойынша ІІД-ге 2018 жылдың сәуір айында ғана шағымданған.

Қазіргі уақытта, Қостанай облысы бойынша ІІД басшылығы аталған істі өз бақылауына алған.

Ал жәбірленушінің қорғаушысы Айман Омарованың сөзінше, ол қызды өз қамқорлығына алыпты.

«Жәбірленуішінің психологиялық жағдайы ауыр. Ол менің қамқорлығымда. Қазір жүктілігінің 7-інші айында жүр. Қазіргі уақытта одан болған оқиға туралы сұраудың қаншалықты ауыр екенін түсінесіздер. Мен одан екі рет сұрай алмаймын. Ал оған зорлауы мүмкі 14 адаммен бетпе-бет кездесіп, сұрақтарға жауап беруі керек. Ол жүкті болғандықтан, тыныштандыратын дәрі сияқты дәрі-дәрмектермен көмектесе алмаймыз», – дейді Айман Омарова.

Анықталғандай, бойжеткен зорлық көргенін ата-анасына айтуға ұялып, қорыққандықтан, болған оқиғадан 6-7 ай өткеннен кейін ғана полицияға шағымданған. Ал оның ата-анасы ауылдастарының мазағына қалғаны үшін, Екінді ауылынан көшіп кетіпті.

Оқи отырыңыз:

6 жасында қос қолынан айырылған тараздық азамат аяқ астынан баспаналы болды (видео)

Бекболаттан аумайды: Қыдырәлі мен Қарақаттың 1 жасар қызының суреті жұрттың қызу талқысына түсті (фото)

Сарапшы еліміздегі үлескерлік құрылыс туралы заңды сынады

Алматыда Батырхан Шүкенов көшесі пайда болуы мүмкін

Талқылау