Қостанай облысында 8 баланы асырап алған отбасыға жаңа баспана берілді
Қостанайда 8 баланы асырап алған Төлегеновтар отбасына жаңа үйдің кілті табысталды.
Бұл туралы “Алау” хабарлайды.
Бұл Қазақстан халықтары Ассамблеясындағы білім мен этномәдениет бірлестігі қызметкерлері жүзеге асырған жоба болды. Алғашқыда ақшаны Қостанай аудандарындағы білім саласы қызметкерлері жинаған. Кейін бұл игі бастамаға облыстық басқармадағы әріптестері де қосылыпты.
Эстафетаны жалғаған облыстық ассамблея өкілдігі 7 миллион теңге бөлген. Есімдерін атамай-ақ, ақша берген жандардың да қарасы көп болыпты.
Нәтижесінде екіқабатты зәулім коттедж тұрғызылған. Жалпы көлемі 340 шаршы метр. Енді бұл үйде көпбалалы отбасы емін-еркін тұра алады. Сондай-ақ, баспанадан бөлек Төлегеновтар отбасына су жаңа шағын автобус та сыйға тартылды.
Талқылау