Қостанай облысында үш қыз бірдей жоғалып кетті
Қостанай облысының Лисаковск қаласында 13 жастағы үш қыз жоғалып кетті.
Жасөспірімдердің жоғалғаны туралы әлеуметтік желіде жарияланды. Облыстың ІІД баспасөз қызметі мұны растады. «Жоғалған қыздарға іздеу жарияланды. Барлық қалалық, аудандық ішкі істер бөлімдеріне хабар жіберілді», – деп хабарлады баспасөз қызметінде.
Әлеуметтік желіде екі құрбы оқушы қыз Лисоковскіден Қостанайға кеше, 2 наурыз күні таңертең шыққаны талқылануда. Алайда бірнеше күннен бері олардың қайда екені белгісіз. Туыстарының іздегенмен нәтиже жоқ. Қыздардың бірі ашық-жасыл күртеше, сұр бас киім, ала шарф таққан, қолында қара портфелі болған. Екінші қыз қызғылт күртеше, сұр бас киім киген. Үшінші қыз жайлы мәлімет әзірге жоқ.
Жіберіп алмаңыз:
2 жасар қыз әжесіне әкесінің анасын қалай өлтіргенін айтып берген
Қазақстандық әйел 9-өлшемдегі омырауын кішірейте алмай қиналып жүр (фото)