Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанай облысының тұрғыны учаскелік полицияны күш көрсетті деп айыптауда

Қостанай облысы Меңдіқара ауданының учаскелік полиция қызметкері Уәлихан Жүсіповті 32 жастағы Харьков ауылының тұрғыны Александр Солкин қызметтік өкілеттілігін асыра пайдаланды деп айыптауда. Жәбірленушінің айтуынша полицей оның мастығын пайдаланып, ұрып, соққан, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Наша газета” порталына сілтеме жасап.

4 маусымда Қостанай облысы полиция департаментіне учаскелік инспектор Уәлихан Жүсіповтің үстінен арыз түскен. Онда Харьков ауылының 32 жастағы тұрғыны Александр Солкин 2 маусымда Жүсіповтың ұрып, соққанын айтқан. 

"Бұл оқиға шамамен 18:35-те болды. Мен сол күні балаларды қорғау күнін атап өтіп, аздап масайрап қалған болатынмын. Учаскелік полиция қызметкері маған келіп, мас екенімді айтты. Мен оған оң жауабымды беріп, сәлден соң үйге қайтып, демалатынымды айттым. Сол жерде біз келіспей қалдық та ол мені алақанымен ұрып жіберді. Мен оған жауап ретінде қарызға үйге жетуім үшін 5 000 теңге ақша сұрадым. Ол сол жерде ашуланып мені қатты ұрып, соға бастады. Жалпы бәрі есімде жоқ”,- деді  Солкин.  

Солкиннің айтуынша ұрғаннан кейін оны аудандық полиция бөліміне сараптамаға алып келген. Ол жерде Солкиннің мастығының орташа дәрежесі расталған. Түнде оны учаскеде қалдырған. 

Таңертең учаскелік полиция қызметкері келіп, одан өтініш жазбауын өтінген. Ол үйіне тез қайту келісіп, шығып кеткен. Кейін аудан деңгейінде арыз жазудың пайдасы жоқ екенін біліп, Қостанайға бардым. Ауруханадағылар менің денсаулығыма жеңіл зияны тигенін айтты. Мұрыным сынған, тағы да жарақаттар болғандықтан екі апта жұмыс істей алмадым. Осы оқиғаны көрген куәгерлер болса, полицейлерден қорққанынан үнсіз”,- деп қосты Солкин.



Солкин істің айқын құқық бұзушылық көрінісінсіз деп жүріп жатқанын айтады.

“Мен Александрға әділеттілікке қол жеткізуге көмектескім келеді. Тек мен ғана емес, бүкіл ауыл. Біз осы уақытқа дейін үнсіз келдік. Бірақ осылай қызметін пайдаланып адамды ұру құқығын кім берді оған? Біреуді өлтірсе ше? Бізде болған оқиғаның видеосы бар. Ол жерде полицейдің ұрып, ал жанындағы куәгерлердің қорыққаннан ештеңе дей алмай тұрғаны көрсетілген”,- дейді Солкиннің көршісі Руслан Тұрғымбаев. 

ПД бастығы Ерлан Омарбеков Салкиннің өтініші бойынша майор Жүсіповке қатысты ҚР ҚК 362-бабы 4-бөлігі 1-тармағы күш қолдану арқылы лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану бойынша қылмыстық іс тіркелгенін айтты.

“Жүсіпов жұмыс барысында өзін адал және атқарушы қызметкер ретінде жағымды жағынан көрсетті. Ол органдарда 2009 жылғы мамырдан бастап қызмет етеді. Іс бойынша қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Жалпы мерзімі 2 айды құрайды. Учаскелік инспектор Жүсіпов қазіргі уақытта қызметте. Оның атқаратын лауазымында болуы туралы мәселе қылмыстық іс бойынша шешім қабылданғаннан кейін қаралатын болады”,- деді Омарбеков.

Талқылау