Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанай облысының тұрғыны коронавирустан айыққанын тойлаған

Қостанай облысының тұрғыны COVID-19-дан айыққанын ауылдастары арасында атап өткен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Мониторингтік топтың хабарлауынша, Байғабыл ауылында жергілікті мектеп мұғалімі үйіне көршілері мен туыстарын жинаған.

Мерекеге оның коронавирустан сауыққаны себеп болды. Үйде барлығы 10 адам болды. Бұзушылық фактісін растау ретінде санитар дәрігерлер бейнеролик жариялады.

Мониторинг тобы үй иесінің үйіне көршілерінің шағымы бойынша келді. Әйел көршілері мен туыстарын шақырған, жабық жерде көп адамды жинаған. Оған 41 670 теңге әкімшілік айыппұл салынды", - деп хабарлады өңірдің санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті.

Санитарлық дәрігерлердің сөзінше, тыйым салынғанына қарамастан, облыста тұрғындар құдалық, туған күндер мен еске алу шараларын өткізеді. Мысалы, Жангелдин ауданында туыстары 100 адамның қатысуымен еске алу шарасын ұйымдастырған.

 

Талқылау