Қостанай облысының 98 ауылында алғаш рет асфальт пайда болады
Видеодан скриншот
Қостанай облысында жергілікті және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын жөндеуге 100 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінді. Бұл 1400 шақырымға жуық жалпыға ортақ пайдаланылатын жолдарды ретке келтіруге мүмкіндік береді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 24.kz арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
98 ауылда алғаш рет асфальт жолдар мен тротуарлар салынады. Республикалық аймақтарда ең қымбат жобалар жүзеге асырылып жатыр, жол төсемі ауыстырылып, көпірлер қайта жаңартылады, су өткізгіш құбырлар орнатылып жатыр.
Жоба қазанда аяқталуы қажет. Асфальт жабынының қызмет ету мерзімін ұзарту мақсатында 30 автоматты таразы орнатылады. Бұл ауыр жүк көліктерінің қозғалысын бақылауға мүмкіндік береді.
“Биыл шілде айынан бастап көліктік бақылау инспекциясының қызметкерлері салмақ көрсеткіштерін бұзған көлік жүргізушілерін жауапкершілікке тарту жұмыстарын жүргізіп жатыр. 13 ұйғарым жасалып, 3,9 млн теңге айыппұл салынып, оның 3,2 млн теңгесі өндірілді”, – деді Қостанай облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Алмаз Есенжолов.

Үлескерлерге қатысты заң өзгереді, Трамптың 25%-дық баж салығы күшіне енеді: Қазақстанда 1 тамыздан бастап не өзгереді
